Деректерді жүктеу...
МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІҢ ЖИЫНТЫҚ ТІЗІЛІМІ
Анықтама
Деректерді жүктеу...
Осы бөлім Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 200-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік органдардың ведомстволық ақпараттық жүйелердің дерекқорымен біріктірілген, есепке алуы Мемлекеттік мүліктің тізілімінде қамтамасыз етілетін мемлекет активтері туралы жиынтық ақпаратын, атап айтқанда:
1) мемлекеттік заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты салықтар мен басқа міндетті төлемдер бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында реттелуін іске асыратын мемлекеттік органды;
2) мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне тіркеліп берілген жылжымайтын мүлік объектілерге қатысты жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық тексеру саласында мемлекеттік саясат пен қызметтің мемлекеттік реттелуін іске асыру жүзеге асыратын мемлекеттік органды;
3) жер пайдаланудағы жер телімдеріне қатысты жер қатынастары саласында реттелуін іске асыратын мемлекеттік органды;
4) республикалық меншікке жататын акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестеріне және шетелдегі жылжымайтын мүлік объектілерге қатысты мемлекеттік мүлікті басқару бойынша уәкілетті органды;
5) облыстық коммуналдық мүлікке жататын акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестеріне қатысты облыстық уәкілетті органды;
6) аудандық коммуналдық мүлікке жататын акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестеріне қатысты аудандық уәкілетті органды;
7) мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени құндылық объектілерге қатысты мәдениет саласында мемлекеттік саясат іске асырылуын жүзеге асыратын мемлекеттік органды;
8) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілерге қатысты зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік органды;
9) мемлекеттік материалдық резервке қатысты мемлекеттік резерв жүйесін атқарушы және бақылау функциясын, сондай-ақ оны басқаруын іске асыратын мемлекеттік органды қарау үшін арналған.
Осы бөлім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1115 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүліктің тізілімін жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік мүлік тізіліміне деректерді беру нысанын, көлемін және кезеңділігін бекіту туралы» 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 443 қаулысына сәйкес жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардан келіп түсетін ақпаратын іздеу мен қарау іске асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның Ұлттық куәландырушы орталығымен берілген электрондық цифрлық қол таңбасы бар болуы кезінде мемлекеттік уәкілетті органдардың қызметкерлеріне Мемлекеттік активтер жиынтық тізілімінің дерекқорына қолжетімділік беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында Бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамға берілген мемлекеттік уәкілетті органның жазбаша өтінімі (өтінімнің бланкісін көшіріп алу) негізінде Мемлекеттік активтер жиынтық тізілімінің дерекқорына қолжетімділікті қамтамасыз ету іске асырылады.
Generated in 73ms