Деректерді жүктеу...
МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІҢ ЖИЫНТЫҚ ТІЗІЛІМІ
Құқықтық негіз
Деректерді жүктеу...

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Көліктік деректер қоры және тасымалдау қауіпсіздігінің серпінділік мониторингі ақпараттық-талдау жүйесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің 2014 жылғы 28 наурыздағы №18 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 324 бірлескен бұйрығы

 

 

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  11 қаңтардағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 365 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық - коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау ережелерінің 16-тармағының негізінде БҰЙЫРАМЫЗ:

1.            Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі  Көліктік бақылау комитетінің Көліктік бақылау комитетінің Көліктік деректер қоры және тасымалдау қауіпсіздігінің серпінділік мониторингі ақпараттық-талдау жүйесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.

2.            Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы бұйрықтың орындалуын 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті Төрағасының орынбасары Б.Д. Қожахметовке және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының орынбасары Ғ.У. Ыбырайымовқа жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді және таныстырылуға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік

бақылау комитетінің Төрағасы

 

_____________ Ә. Асавбаев

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру

комитетінің Төрағасы

 

_____________ Э. Өтепов

 

 


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрлігінің

Көліктік бақылау

комитетінің төрағасы

2014 жылғы 28 наурыздағы 18

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік мүлік

және жекешелендіру

комитетінің төрағасы

2014 жылғы 4 сәуірдегі № 324

бірлескен бұйрығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Көліктік деректер қоры және тасымалдау қауіпсіздігінің серпінділік мониторингі ақпараттық-талдау жүйесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл қағидасы

 

 

1.            Жалпы ережелер

 

1.            Осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Көліктік деректер қоры және тасымалдау қауіпсіздігінің серпінділік мониторингі ақпараттық-талдау жүйесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Көліктік деректер қоры және тасымалдау қауіпсіздігінің серпінділік мониторингі ақпараттық-талдау жүйесі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі арасында ақпараттық өзара әрекетті ықпалдастыру және ұйымдастыру мақсатымен құрастырылған.

2.            Осы Қағида «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 тамыздағы №365 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық- коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау ережелерінің 16-тармағының негізінде құрастырылған.

3.            Қағидалар ақпарат алмасуға қатысушылардың өзара іс-қимылы тәртібін, деректерді беру режимдері мен тәсілдерін, беру уақыты режимдерін, деректер форматтарын айқындайды.

4.        Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

1)       КД АТЖ – объектілер туралы мәліметтерден тұратын Көліктік деректер қоры және тасымалдау қауіпсіздігінің серпінділік мониторингі ақпараттық-талдау жүйесі;

2)       МемТізілім - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі;

3)       ақпараттық ресурстар – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы МемТізіліміне беруге арналған КД АТЖ мәліметтері;

4)       Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі – КБК) - ақпараттық ресурстардың түсірілісін жүзеге асыратын ақпарат алмасуда қатысушы;

5)       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті  (бұдан әрі – ММЖК) – жіберілген ақпараттық ресурстарды алушы ақпараттық алмасуда қатысушы;

6)       ұйымдар – МемТізілімде есепке алынатын мемлекеттік заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері;

7)       объектілер - ұйымдарда тіркелген, шағын көлемді және өзенді кемелер;

8)       Жөнелтуші – электрондық хабарламаның сыртқы жүйеге жөнелтілуіне бастамашылық жасаған тарап;

9)       алушы – жөнелтілген хабарлама арналған тарап;

10)     мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген заңды тұлға;

11)     электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ)– электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығымен беріледі (бұдан әрі – ҚР ҰКО);

12)     тіркеу куәлігі – ҚР ҰКО электрондық цифрлық қолтаңбаның белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат;

13)     кері шақырып алынған тіркеу сертификаттарының тізімі (бұдан әрі - ШТСТ) - ҚР ҰКО жасаған және оның қолы қойылған және күші тоқтатылған ҚР ҰКО шығарған тіркеу куәліктері туралы ақпаратты қамтитын электрондық құжат;

14)     әкімші – ақпараттық жүйені әкімшілендіруді және сүйемелдеуді қамтамасыз етуші субъект.

 

 

2. Ақпараттық алмасуға қатысушылар

 

5.     Ақпараттық алмасуға қатысушылары ММЖК және КБК болып табылады.

6.     Ақпараттық алмасуда бастамашысы және объектілер жөніндегі ақпаратты тұтынушы МемТізілім болып табылады.

7.     МемТізілім үшін объектілер жөніндегі ақпаратты жеткізуші КД АТЖ болып табылады.

 

 

3.            Ақпараттық алмасудың тәртібі

 

8.     КД АТЖ мен МемТізілім арасындағы ақпарат алмасу сервераралық (республикалық) деңгейде жүзеге асырылады.

9.     Ақпарат алмасу тіркеу куәлігі бар жүйе иесінің ЭЦҚ қолдану арқылы «сұра салу – жауап» режимінде XML-форматында электрондық хабарламалар арқылы жүзеге асырылады.

10.   Барлық сұрау салулар МемТізілімнің немесе бірыңғай оператордың иесінің ЭЦҚ-сымен куәландырылады, сонымен бірге ашық ЭЦҚ сұрау салуға қоса бекемделеді.

Барлық жауаптар КД АТЖ меншік иесінің ЭЦҚ куәландырады. Жауаптарды өңдеу барысында МемТізілімнің немесе бірыңғай оператордың меншік иесінің ЭЦҚ түпнұсқалығы куәландырылады. Барлық хабарламалар екі түрге бөлінеді: сұрау салу және жауап. «Сұрау салу» түріндегі хабарлама ақпарат алмасуды бастамашылық ететін  хабарлама болып табылады. Алушы «сұрау салу» түріндегі хабарламаға жөнелтушіге «жауап» түріндегі хабарламаны жөнелтеді.

11.     Өзара іс-қимылды бастамашылық ету үшін МемТізілім  КД АТЖ сұрау салуды жөнелтеді. КД АТЖ сұрау салуды өңдейді және МемТізілімге жөнелтеді.

12.     МемТізілімінен сұрау салу барысында, хабарламаға тіркеу куәлігі бар жүйе иесінің ЭЦҚ түпнұсқасы қойылғандығына куәланады және ҚР ҰКО қалыптастырған ШТСТ бойынша ЭЦҚ тексеруді жүзеге асырады.

13.     КД АТЖ -дан жауап алынған кезде МемТізілім хабарламаға КД АТЖ жүйесінің иесі үшін тіркеу куәлігі бар жүйе иесінің ЭЦҚ түпнұсқасымен қол қойылғандығына куәланады.

ЭЦҚ түпнұсқалығын тексеру былайша жүзеге асырылады:

1) 1 қадам. Цифрлық қолды тексеру - ЭЦҚ сұрау-жауап хабарламасын тексеру, хабарламаларға жүйе иесінің ашық кілтімен байланысқан жабық кілтпен қол қойылғанын және тексеріліп отырған тіркеу куәлігінде жазылғандығын тексеру дегенді білдіреді;

2) 2 қадам. Сенім қатынастарының параметрлерін тексеру - тексерілетін тіркеу куәлігінен бастап, егер ондайлар болса аралық куәландыру орталықтарының тіркеу куәліктерін ескере отырып, куәландыру орталығының сенім білдірілген негізгі тіркеу куәлігіне дейінгі тіркеу куәліктері тізбесінің жасалуын тексеру;

3) 3 қадам. Уақыт параметрлерін тексеру - тексерілетін тіркеу куәлігінен бастап, егер ондайлар болса аралық куәландыру орталықтарының тіркеу куәліктерін ескере отырып, куәландыру орталығының сенім білдірілген негізгі тіркеу куәлігіне дейінгі әрекет ету мерзімдерін тексеру;

4) 4 қадам. Тіркеу куәлігін жою туралы ақпарат - тексерілетін тіркеу куәлігінен куәландыру орталығының сенім білдірілген негізгі тіркеу куәлігінің куәландыру орталығының негізгі тіркеу куәлігіне дейін және барлық аралық куәландыру орталықтарының тіркеу куәліктерінің жарамдылығын тексеру, егер ондайлар болса кері қайтарылған CRL тіркеу куәліктерінің тізімінің негізінде:

CRL –дің ҚР ҰКО-да шығарылғанын;

CRL –дің қолданылу мерзімдерінің жарамдылығын;

тіркеу куәліктерінің алгоритмі мен CRL-дің теңдігін;

CRL –ді тіркеу куәлігінде көрсетілген мекенжай бойынша жүктейді.

5) 5 қадам. Тіркеу куәлігінде «Кілтті пайдалану» деген жолағын тексеру - Тіркеу куәлігінің «Кілтті пайдалану» деген жолағында «Цифрлық қол», «Бас тартпау (с0)» деген жолдар қамтылуы тиіс;

6) 6 қадам. Тіркеу куәлігінің «Субъект» деген жолағын тексеру - тіркеу куәлігінің «Субъект» деген жолағында жүйе иесінің «БСН» деген жол қамтылуы тиіс;

7) 7 қадам. ЭЦҚ-ның түпнұсқалығын тексеру нәтижесі - бір теріс тексеру болған жағдайда жүйе иесінің ЭЦҚ-сымен расталған ЭЦҚ-ның түпнұсқалығының қателігі туралы жауап-хабар ЭҮШ арқылы беріледі.

14.    ШТСТ бойынша салыстырып тексеру тексеруші сервер жағында жүргізіледі. Оң тексерулер кезінде жүйе иесінің немесе бірыңғай оператордың ЭЦҚ-мен расталған хабарлама – жауап беріледі.

15.    Теріс тексерулер кезінде, егер мазмұны қол таңбаға сәйкес келмесе, жүйе иесінің немесе бірыңғай оператордың ЭЦҚ куәландырылған ЭЦҚ-ның дұрыс еместігі туралы теріс хабарлама – жауап беріледі. Сұрау салу режиміндегі хабарламалар түрлері, олар қалыптастырылатын КД АТЖ және МемТізілім процестері осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

16.    Ақпарат алмасуға көшу шарты мәліметтерді КД АТЖ-дан МемТізіліміне толық көшірілуі болып табылады.

17.    КД АТЖ жүйесінен объектілер жөніндегі деректердің толық көшірілуі бірыңғай оператор дайындаған ұйымдар тізіміне сәйкес жүргізіледі. КД АТЖ-дан МемТізілімге берілетін деректердің құрамы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес деректердің құрамына сәйкес келуі қажет.

18.    МемТізілімі мен КД АТЖ арасындағы ақпарат алмасу кезінде пайдаланылатын деректерінің құрамы осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген. Өзара іс-қимылды іске асыру процесінде деректердің құрылымы мен форматы берілетін мәліметтерінің өзгерісі мен толықтырылуына қарай, тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

19.    Хабарламаларды алу/жөнелту фактісі МемТізілімнің және КД АТЖ серверлерінде ақпарат алмасу хаттамасында жазылады. МемТізілім және КД АТЖ арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл сервисі тиісті кодымен хабарламаларды алу/жөнелту фактісі жүйелернің Log-журналдарында жазылады. Жүйенің Log-журналын толтыру кезінде деректер толтырылуына қарай мұрағатталады. Мұрағат деректерінің сақталу мерзімі 2 жылдан кем емес. Хабарламаларды өңдеу процесіндегі барлық уақыт параметрлерін тіркеу Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.

20.    Алғашқы көшіруді XML кеңейтіле отырып файлмен және объектілер бойынша деректер тізімі қамтылған XML форматында жүзеге асырылады. Көшірілетін деректердің құрылымы мен форматы XSD сызбада сипатталады.

21.    Деректердің толық көшірілуі алғашқы деректер алмасу үшін, сондай-ақ сұрау салу бойынша деректерін салыстырып тексеру үшін пайдаланылуы мүмкін. Деректер толық көшірілген кезде объектілер туралы барлық тарихи мәліметтер беріледі.

22.    Көрсетілген уақыт кезеңінде КД АТЖ -да оларға қатысты өзгерістер болған объектілер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1.2-кестесіне сәйкес мәліметтерді алу үшін МемТізілім осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1.1-кестесіне сәйкес ұйымдардың тізімі бар КД АТЖ -ға сұрау салу жолдайды.

23.    МемТізілім ҰЗМИ ААЖ алынған әрбір объекті бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1.3-кестесіне сәйкес объектінің сәйкестендіру сипаттамалары туралы ақпарат алу үшін КД АТЖ сұрау салу жолдайды.

24.    КД АТЖ көрсетілген уақыт кезеңінде әрбір тіркелген операция бойынша МемТізілімге осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1.4-кестесіне сәйкес объекті бойынша деректердің құрамымен жауап жолдайды.

25.    Ақпарат алмасу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес техникалық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

26.          МемТізілімнің және КД АТЖ жұмысындағы технологиялық үзілістерді қоспағанда, қатысушылар сервистерге тәулік бойы кіруге рұқсат береді. Түскен сұрау салуларды өңдеу уақыты Қағиданың 4 қосышасының көрсетілген өнімділігінің талаптарынан аспауы тиіс. Ақпараттық жүйелер арасындағы барлық сұрау салулар штаттық режимде сағат 00:00-ден  бастап 06:00-ге дейін жүргізіледі. 

27.    Ақпарат алмасу өнеркәсіптік режимде іске қосылғанға дейін мынадай рәсімдердің орындалуын қамтамасыз ету қажет:

1) стендте ақпарат алмасуды сынау жүргізу;

2) МемТізілім және КД АТЖ ақпараттық өзара іс-қимылының тәжірибелік пайдаланылуын жүргізу;

3) тәжірибелік пайдалану нәтижелеріне талдау жүргізу, қажет болған жағдайда бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтауды қамтамасыз ету.

28.    МемТізілімінде және КД АТЖ-де хабарламалардың саны қабылдау/беру кезіндегі ауытқу фактілері, сондай-ақ уақытша қағидаларды бұзу фактілері туралы мерзімді есептерді қалыптастыру мүмкіндігі ұсынылады. Бұзу фактілері болған кезде МемТізілімнің Әкімшісі және КД АТЖ Әкімшісі себептерді анықтау және жою үшін талдау жүргізеді. Хабарламаларды қабылдау/беруді есепке алудағы бұзу фактілерін талдау тоқсан сайын жүргізіледі.

 

 

4.            Алмасу кезінде деректерді қорғауды ұйымдастыру

 

29.           Ақпарат алмасу кезінде ақпаратты қорғау қол қойылған XML хабарламаларына авторлықты (ЭЦҚ-ны қолдану) растау есебінен де, сол сияқты техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар есебінен де қамтамасыз етіледі.

30.          Серверлерге, белсенді желілік жабдыққа және серверлерді электрлік қоректендіру жүйесіне рұқсат беру ұйымдастыру шаралары регламенттеуі тиіс.

31.          Ақпаратты қорғауды ұйымдастыруға қойылатын техникалық талаптар осы Қағидаларға 4-қосымшада айтылған.

 

 

5.            Қорытынды ережелер

 

32.          Жүйелер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде хабарламалар дайындау және алмасу жүргізу кезінде пайдаланылатын бағдарламалық және аппараттық құралдар жұмыс жағдайында болады.

33.          Ақпарат алмасу барысында түйткілді ахуалдар пайда болған жағдайда ақпарат алмасуға қатысушылар оларды жою үшін шаралар қабылдайды.

34.          Даулар пайда болған жағдайда ақпарат алмасуға қатысушылардың және бірыңғай оператордың өкілдерімен арнайы комиссия құрылады.

35.          КД АТЖ-нен берілетін деректер үшін КБК жауапты.

36.          КД АТЖ -дан КБК алған деректердің сақталуын ММЖК жауапты.

37.          Егер ақпарат алмасуға қатысушылар өзара келісімге келе алмаған жағдайда, олардың арасындағы даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шешіледі.

38.          Ақпарат алмасуға қатысушылар жыл сайын КБК, ММЖК және бірыңғай оператор тарапынан ақпараттық қауіпсіздіктің,  бағдарламалық және техникалық құралдардың үнемі дайын болуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғалары туралы бір-бірін хабардар ете алады.

39.          КБК, ММЖК және бірыңғай оператордың бағдарламалық және техникалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздігінің, үнемі дайын болуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге жауапты лауазымдық тұлғалар не олардың байланыс деректері өзгерген жағдайда, өзгеріс болған жақтың ақпарат алмасуға қатысушысы бұл туралы қалған қатысушыларды хабардар етеді.

 

________________________


Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігі Мемлекеттік мүлік

және жекешелендіру комитетінің

«Мемлекеттік мүлік тізілімі»

ақпараттық жүйесі мен

Қазақстан Республикасы Көлік

және коммуникация министрлігінің

Көліктік бақылау комитетінің

Көліктік деректер қоры және тасымалдау

қауіпсіздігінің серпінділік мониторингі ақпараттық-талдау жүйесі

арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл

қағидаларына 1-қосымша

 

 

Сұрау салу режиміндегі хабарламалар түрлері

 

 

Хабарлама

Жөнелтуші

Алушы

Атауы

Түрі

МО БКО арқылы жүргізілетін процестер

1

2

3

4

5

1 сұрау салу

сұрау салу

КД АТЖ-да  өзгерістер болған объектілерге қатысты мәліметтерге сұрау салу. Мәліметтер  ұйымдардың БСН тізімі бойынша сұратылады

МемТізілім

КД АТЖ

1 жауап

жауап

Объектілер тізімі (2-қосымшаның 1.2-кестесіне сәйкес)

КД АТЖ

МемТізілім

2 сұрау салу

сұрау салу

Объектінің сәйкестендіру сипаттамалары туралы ақпарат алуға сұрау салу

МемТізілім

КД АТЖ

2 жауап

жауап

Объектіні сәйкестендіру сипаттамалары туралы ақпарат

КД АТЖ

МемТізілім


 

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігі Мемлекеттік мүлік

және жекешелендіру комитетінің

«Мемлекеттік мүлік тізілімі»

ақпараттық жүйесі мен

Қазақстан Республикасы Көлік

және коммуникация министрлігінің

Көліктік бақылау комитетінің

Көліктік деректер қоры және тасымалдау

қауіпсіздігінің серпінділік мониторингі

ақпараттық-талдау жүйесі

арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл

қағидаларына 2-қосымша

 

Объектілердің сәйкестендіру сипаттамалары бар КД АТЖ

МемТізіліміне толық көшіру деректерінің құрамы

(әрбір тіркелген операция бойынша)

 

р/с

Атауы

Формат

Ұзақтығы

Міндеттілік

Код

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

1              

Объектінің сәйкестендірушісі

Сандық

 

Иә

 

 

2              

 БСН (ұйымдардың)

 

Жолдар тізімі

12

Иә

 

 

3              

 Толық атауы (ұйымдардың)

Жолдар тізімі

макс

Иә

 

 

4              

Ұйымдардың адресы

Жолдар тізімі

 

Иә

 

 

5              

Кеме түрі (Кеме өңі)

Жолдар тізімі

макс

Иә

typeShip

 

6              

Кеме

Жолдар тізімі

макс

Иә

numShip

 

7              

Ұзындығы, м

Сандық

 

Жоқ

length

 

8              

Ені, м

Сандық

 

Жоқ

width

 

9              

Борт биіктігі, м

Сандық

 

Жоқ

depth

 

10            

Жүк көтерімділігі

Жолдар тізімі

макс

Жоқ

capacity

 

11            

Жолаушылар сыйымдылығы (адам) (салмақсыз)

Сандық

 

Жоқ

passenger

 

12            

Кеме түрі (мәтіндік сипаттма)

Жолдар тізімі

макс

Жоқ

shipTypeDesc

 

13            

Шөгу бос

Сандық

 

Жоқ

lightDraft

 

14            

Толық жүкпен шөгу

Сандық

 

Жоқ

loadDraft

 

15            

Корпус материалы

Жолдар тізімі

макс

Жоқ

materialHull

 

16            

Құрылған орны және жылы

Жолдар тізімі

макс

Иә

constShip

 

17            

Жүзу ауданы

Жолдар тізімі

макс

Иә

navigation

 

18            

Кеменің тұратын орны

Жолдар тізімі

макс

Иә

berth

 

19            

Қозғалтқыш маркасы

Жолдар тізімі

макс

Жоқ

typeEngine

 

20            

Қуаттылығы

Жолдар тізімі

макс

Жоқ

powerEngine

 

21            

Өлшем бірлігі, кВт, АК, анықтағыш

Жолдар тізімі

макс

Жоқ

powerEngineMetric

 

22            

Қозғалтқыш: түрі

Жолдар тізімі

макс

Жоқ

typeThruster

 

23            

Қозғалтқыш: саны

Сандық

 

Жоқ

amountThruster

 

24            

Қозғалтқыш 

Жолдар тізімі

макс

Жоқ

numEngine

 

25            

Қозғалтқыштың   құрылған орны және жылы

Жолдар тізімі

макс

Жоқ

constEngine

 

26            

Құтқару құралдарының саны

Сандық

 

Жоқ

savingItemsCount

 

27            

Су төгетін құрал

Логикалық

 

Жоқ

drainage

 

28            

Сигнал құралы

Логикалық

 

Жоқ

signal

 

29            

Зәкір құралы

Логикалық

 

Жоқ

anchor

 

30            

Өртке қарсы құрал-сайман

Логикалық

 

Жоқ

firefighting

 

31            

Кеме билетінің номері

Жолдар тізімі

макс

Жоқ

shipLicenseNumber

 

32            

Кеменің тіркеу номері

Жолдар тізімі

макс

Иә

shipRegNumber

 

33            

Тіркеуден шығару күні

Күні, DD-MM-YYYY

 

 

 

КК-АА-ЖЖЖЖ

34            

Тіркеуден шығару себебі

(құжатқа сілтемемен)

Жолдар тізімі

 

 

 

 

 

 


 

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігі Мемлекеттік мүлік

және жекешелендіру комитетінің

«Мемлекеттік мүлік тізілімі»

ақпараттық жүйесі мен

Қазақстан Республикасы Көлік

және коммуникация министрлігінің

Көліктік бақылау комитетінің

Көліктік деректер қоры және тасымалдау

қауіпсіздігінің серпінділік мониторингі ақпараттық-талдау жүйесі арасындағы

ақпараттық өзара іс-қимыл

қағидаларына 3-қосымша

 

КД АТЖ және МемТізілімнің арасында

ақпарат алмасуға жататын мәліметтер құрамы

 

1.1-кесте – Ұйымдар тізімі бар сұрау салу деректерінің құрамы

р/с

Атауы

Формат

Ұзақтығы

Міндеттілік

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1               

БСН тізімі  (ұйымдардың )

Жолдар тізімі

макс

Иә

 

2               

Тарихи деректерді алу қажет болған сәттен басталған күн

Күні, DD-MM-YYYY

 

Иә

 

3               

Тарихи деректерді алу қажет болу сәтіндегі күні

 

Күні, DD-MM-YYYY

 

Жоқ

Параметрі болмаған кезде ағымдағы күн қолданылады

 

1.2-кесте – КД АТЖ өзгерістер болған объектілерге қатысты, олар бойынша жауап деректерінің құрамы

 

р/с

Атауы

Формат

Ұзақтығы

Міндеттілік

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1              

БСН тізімі (ұйымдардың)

Жолдар тізімі

макс

Иә

 

2              

Объектілердің сәйкестендірушісі

Жолдар тізімі

макс

Иә

 

 

 

1.3-кесте – КД АТЖ-да оларға қатысты өзгерістер болған объектінің сәйкестік сипаттамалары туралы ақпаратты алуға сұрау салу деректерінің құрамы

 

р/с

Атауы

Формат

Ұзақтығы

Міндеттілік

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1              

Объектілердің сәйкестендірушісі

Жолдар тізімі

макс

Иә

 

2              

Тарихи деректерді алу қажет болған сәттен басталған күн

Күні, DD-MM-YYYY

 

Иә

 

3              

Тарихи деректерді алу қажет болу сәтіндегі күні

 

 

Күні, DD-MM-YYYY

 

Жоқ

Параметрі болмаған кезде ағымдағы күн қолданылады

 

1.4-кесте – Деректерді көшіру кезінде объектілердің сәйкестік сипаттамалары туралы ақпаратты алуға арналған жауап

 деректерінің құрамы

(әрбір тіркелген операция бойынша)

 

р/с

Атауы

Формат

Ұзақтығы

Міндеттілік

Код

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

1              

Объектілердің сәйкестендірушісі

Жолдар тізімі

 

Иә

 

 

2              

Объекті бойынша тіркелген операцияның түрі

Анықтама

 

Иә

 

КД АТЖ деректері бойынша операциялар түрлерінің анықтамалығы

3              

Объекті бойынша операцияны жүргізу күні

Күні, DD-MM-YYYY

 

Иә

 

КК-АА-ЖЖЖЖ

4              

МемТізілімінде тіркелетін іс-қимыл

Анықтама

 

Иә

 

МемТізілім деректері бойынша іс-қимыл түрлерінің анықтамалығы

5              

 БСН (ұйымдардың)

Жолдар тізімі

12

Иә

 

 

6              

 Толық атауы (ұйымдардың)

 

Жолдар тізімі

макс

Иә

 

 

7              

Ұйымдардың адресы

Жолдар тізімі

 

Иә

 

 

8              

Кеме түрі (Кеме өңі)

Жолдар тізімі

Макс

Иә

typeShip

 

9              

Кеме

Жолдар тізімі

Макс

Иә

numShip

 

10            

Ұзындығы, м

Сандық

 

Жоқ

length

 

11            

Ені, м

Сандық

 

Жоқ

width

 

12            

Бүйір биіктігі, м

Сандық

 

Жоқ

depth

 

13            

Жүк көтерімділігі

Жолдар тізімі

Макс

Жоқ

capacity

 

14            

Жолаушылар сыйымдылығы (адам) (салмақсыз)

Сандық

 

Жоқ

passenger

 

15            

Кеме түрі (мәтіндік сипаттма)

Жолдар тізімі

Макс

Жоқ

shipTypeDesc

 

16            

Шөгу бос

Сандық

 

Жоқ

lightDraft

 

17            

Толық жүкпен шөгу

Сандық

 

Жоқ

loadDraft

 

18            

Корпус материалы

Жолдар тізімі

Макс

Жоқ

materialHull

 

19            

Құрылған орны және жылы

Жолдар тізімі

Макс

Иә

constShip

 

20            

Жүзу ауданы

Жолдар тізімі

Макс

Иә

navigation

 

21            

Кеменің тұратын орны

Жолдар тізімі

Макс

Иә

berth

 

22            

Қозғалтқыш маркасы

Жолдар тізімі

Макс

Жоқ

typeEngine

 

23            

Қуаттылығы

Жолдар тізімі

Макс

Жоқ

powerEngine

 

24            

Өлшем бірлігі, кВт, АК, анықтағыш

Жолдар тізімі

Макс

Жоқ

powerEngineMetric

 

25            

Қозғалтқыш: түрі

Жолдар тізімі

Макс

Жоқ

typeThruster

 

26            

Қозғалтқыш: саны

Сандық

 

Жоқ

amountThruster

 

27            

Қозғалтқыш 

Жолдар тізімі

Макс

Жоқ

numEngine

 

28            

Қозғалтқыштың   құрылған орны және жылы

Жолдар тізімі

Макс

Жоқ

constEngine

 

29            

Құтқару құралдарының саны

Сандық

 

Жоқ

savingItemsCount

 

30            

Су төгетін құрал

Логикалық

 

Жоқ

drainage

 

31            

Сигнал құралы

Логикалық

 

Жоқ

signal

 

32            

Зәкір құралы

Логикалық

 

Жоқ

anchor

 

33            

Өртке қарсы құрал-сайман

Логикалық

 

Жоқ

firefighting

 

34            

Кеме билетінің номері

Жолдар тізімі

макс

Жоқ

shipLicenseNumber

 

35            

Кемені тіркеу номері

Жолдар тізімі

макс

Иә

shipRegNumber

 

36            

Тіркеуден шығару күні

Күні, DD-MM-YYYY

 

 

 

КК-АА-ЖЖЖЖ

37            

Тіркеуден шығару себебі

(құжатқа сілтемемен)

Жолдар тізімі

 

 

 

 

 

 


 

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігі Мемлекеттік мүлік

және жекешелендіру комитетінің

«Мемлекеттік мүлік тізілімі»

ақпараттық жүйесі мен

Қазақстан Республикасы Көлік

және коммуникация министрлігінің

Көліктік бақылау комитетінің

Көліктік деректер қоры және тасымалдау

қауіпсіздігінің серпінділік мониторингі

ақпараттық-талдау жүйесі арасындағы

ақпараттық өзара іс-қимыл

қағидаларына 4-қосымша

 

Ақпараттық өзара іс-қимылдың электрондық коммуникация құралдарына қойылатын техникалық талаптар

 

Қағидада қабылданған қағидаттарға, форматтарға және алмасу хаттамаларына сәйкес МемТізілім және КД АТЖ арасындағы электрондық түрдегі ақпарат алмасуды электрондық коммуникация құралдары қамтамасыз етеді. МемТізілім және КД АТЖ электрондық коммуникация құралдары:

1)      деректерді беру арнасын (бөлінген немесе байланыстырылған);

2)      коммуникация жабдығы;

3)      байланыс арналары бойынша деректерді беру кезінде рұқсатсыз қол жеткізу мен арнайы әсерлері есебінен ұрлаудан, жоғалтудан, таралып кетуден, жоюдан, бұрмалау мен қолдан жасаудан бағдарламалық қорғауды және ақпарат алмасу жылдамдығын кемінде 256 кБит/сек қамтамасыз етуді қамтиды.

Жүйелер арасындағы деректер алмасу мынадай форматтарға сәйкес келеді:

1)      HTTPS кеңейтілген көлік хаттамасы;

2)      SOAP (Simple Object Access Protocol) өзара іс-қимыл хаттамасы;

3)      WSDL сипаттау тілі;

4)      ЭЦҚ қол қойылатын деректердің құрылымын сипаттау үшін XSD тілі;

5)      веб-тәсілдерге және олардың параметрлеріне арналған берілетін XML деректерінің форматы;

6)      XML-файлға қол қойылған ЭЦҚ-ның құрылымы W3C «XML - Signature Syntax and Processing» (Синтаксис және XML қол таңбасын өндеу) консорциумның ерекшелігіне сәйкес келеді.

 

1.5-кесте – КД АТЖ өнімділігі және сеніміділігі бойынша талаптар

 

р/с

Бақылаушы көрсеткіш

Шектеу

1

Сұрау салуды өңдеудің ең ұзақ уақыты

10 минут

2

Сұрау салуды өңдеудің орташа уақыты

6 секунд

3

Ең жоғары жүктеме

1 сағатына 1000 сұрау салу

4

Номиналдық жүктеме

1 сағатына 600 сұрау салу

5

Жұмыстың бұзылыссыз орташа уақыты

5000 сағат

6

Жұмысқа қабілеттігін қалпына келтіру уақыты

24 сағат

 

 

Ақпаратты сақтауды ұйымдастыруға талаптар

 

МемТізілімнің және КД АТЖ деректерінің сақталуы ашық байланыс арналары бойынша беру кезінде ақпаратты жеткізудің бағдарламалық құралдарын пайдалану және рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау есебінен де, сол сияқты техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралары есебінен де қамтамасыз етіледі   

 

 

 


Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігі Мемлекеттік мүлік

және жекешелендіру комитетінің

«Мемлекеттік мүлік тізілімі»

ақпараттық жүйесі мен

Қазақстан Республикасы Көлік

және коммуникация министрлігінің

Көліктік бақылау комитетінің

Көліктік деректер қоры және тасымалдау

қауіпсіздігінің серпінділік мониторингі ақпараттық-талдау жүйесі

арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл

қағидаларына 5-қосымша

 

1.6-кесте – Анықтамалық түрдегі деректердің құрамы

р/с

Атауы

Формат

Ұзақтығы

Міндеттілік

Басты өріс

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

1

Сәйкестендіруші

Сандық

 

Иә

Иә

 

2

Мемлекеттік  тілдегі атауы

Жол

барынша

Иә

Жоқ

 

3

Орыс

тіліндегі  атауы

Жол

барынша

Иә

Жоқ

 

4

Аталық элементінің сәйкестендірушісі

Сандық

 

Жоқ

Жоқ

көп деңгейлі анықтамалық құруға арналған

 

1.7-кесте – Анықтамалықтар мен сыныптауыштар тізбесі

р/с

 

Анықтамалық атауы

Анықтамалық ұстаушысы

Ескертпе

1

2

3

4

1

КД АТЖ деректері бойынша операциялар түрлерінің анықтамалығы

КБК

Оперативті басқару құқығының тоқтатылуы (шаруашылық жүргізу), оперативті басқару құқығының пайда болуы (шаруашылық жүргізу) және т.б.

2

МемТізілімде тіркелетін іс-қимыл түрлерінің анықтамалығы

ММЖК

Қосу, актуальдандыру, объектілерді шығару

 

3

Справочник типов судов по данным ИАС ТБД

Есепке алудан шығару түрлері бойынша КД АТЖ деректері

КБК

Өзі жүретін шағын көлемді кеме қуаты 50 а.к. асатын (37 кВт),

Өзі жүретін шағын өлшемді кеме қуаты 50 а.к. дейін (37 кВт),

Өздігінен жүре алмайтын шағын өлшемді кеме

 

Generated in 148ms