Деректерді жүктеу...
МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕРДІҢ ЖИЫНТЫҚ ТІЗІЛІМІ
Құқықтық негіз
Деректерді жүктеу...

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «E-Аgriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арасындағы ақпаратқа қолжетімділігін және ақпаратты беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 30 желтоқсан №596 және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 31 желтоқсан №17-2/708 бірлескен бұйрығы

 

 

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 365 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау ережелерінің16-тармағының негізінде БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «E-Аgriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арасындағы ақпаратқа қолжетімділігін және ақпаратты беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті (Аймбетов Б.С.) мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыруға тұлғалардың жауаптылығын айқындалсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің жауапты хатшысы Евниев А.Қ. және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовқа жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

 

________ Б. Сұлтанов

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

 

________ А. Мамытбеков

 

 


 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

2014 жылғы 30 желтоқсан №596

 

Қазақстан   Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің

2014 жылғы 31 желтоқсан №17-2/708

бірлескен бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «E-Аgriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арасындағы ақпаратқа қолжетімділігін және ақпаратты беру қағидаларын бекіту туралы

 

 

1.     Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «E-Аgriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арасындағы ақпаратқа қолжетімділігін және ақпаратты беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) ақпарат алмасуға қатысушылардың өзара іс-қимылдары тәртібін, деректерді берудің режимдері мен тәсілдерін, беру уақыты режимін, деректер форматын айқындайды.

2.  Осы Қағида Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «E-Аgriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арасындағы өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету үшін әзірленді.

3.  Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

1)    АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

2)    ҚМ – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

3)    ММЖК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті;

4)    ҚР АШМ АӨК БАЖ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «E-Аgriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

5)    МО БКО - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы;

6)    МемТізілім - Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі;

7)    алушы – жөнелтілген хабарлама арналған тарап;

8)    әкімші – ақпараттық жүйені әкімшілендіруді және сүйемелдеуді қамтамасыз ететін субъект;

9)    жөнелтуші – электрондық хабарламаны жөнелтуге бастамашылық жасаған тарап;

10)  компаниялар – МемТізілімде есепке алынатын мемлекеттік заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері;

11)  электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жинағы (Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҰКО) береді;

12)  кері қайтарып алынған тіркеу сертификаттарының тізімі – ҰКО жасаған және оның қолы қойылған және ҰКО шығарған, әрекет етуі тоқтатылған тіркеу куәліктері туралы ақпаратты қамтитын электрондық құжат;

13)  қатысушылар – ақпараттық өзара іс-қимыл жасау процесіне қатысатын ақпараттық жүйелер;

14)  мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - бірыңғай оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер жүктелген заңды тұлға;

15)  объектілер – компаниялардың атына тіркелген ауыл шаруашылылықтық көліктік құралдар;

16)  тіркеу куәлігі – ҰКО электрондық цифрлық қолтаңбаның «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз тасымалдағыштағы құжат немесе электрондық құжат;

17)  СОРС – объектілерді тіркеу туралы куәлік бойынша салыстыру.

 

 

2.     Ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға қатысушылар

 

4.  Ақпараттық алмасуға қатысушылар МемТізілім және ҚР АШМ АӨК БАЖ ақпараттық жүйелер болып табылады.

5.  Ақпарат алмасудың бастамашысы және объектілер бойынша алушысы МемТізілім болып табылады.

6.  МемТізілім үшін объектілер бойынша ақпарат жеткізушісі ҚР АШМ АӨК БАЖ болып табылады.

7.  Деректерді тасу ортасы МО БКО болып табылады.

 

 

3.     Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау механизмі

 

8. МемТізілім және ҚР АШМ АӨК БАЖ арасындағы ақпараттық алмасу осы Қағиданың 1 Қосымшасына сәйкес МО БКО сервераралық (республикалық) деңгейде жүзеге асырылады.

9. Сервистер синхрондық режимде іске асады.

10.  Ақпараттық алмасу тіркеу куәлігі бар жүйе иесінің ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, «сұрау салу – жауап» режимдерінде XML-форматында электрондық хабарламалар арқылы жүзеге асырылады.

11.  Барлық сұрау салулар МемТізілім немесе бірыңғай оператор иесінің ЭЦҚ куәландырылады, бұл ретте ЭЦҚ ашық кілті сұрау салуға бекітіледі. Барлық жауаптар ҚР АШМ АӨК БАЖ иесінің ЭЦҚ куәландырылады. Сұрау салуларды өңдеген кезде МемТізілім немесе бірыңғай оператор иесінің ЭЦҚ түпнұсқалығы тексеріледі.

12.  Барлық хабарламалар екі типке бөлінеді: сұрау салу және жауап. «Сұрау салу» типіндегі хабарламаға бастамашылық ететін  ақпараттық алмасу болып табылады. «Сұрау салу» типіндегі хабарламаға алушы жөнелтушіге «жауап» типіндегі хабарламаны жібереді.

13. ҚР АШМ АӨК БАЖ МемТізілімге сұрау салуды жіберген кезде (бастамашысы – МемТізілім), МемТізілім ҚР АШМ АӨК БАЖ сұрау салу жібереді, ҚР АШМ АӨК БАЖ сұрау салуды өңдейді және МемТізілімге жауап жібереді.

14.  МемТізілімнен сұрау салған кезде ҚР АШМ АӨК БАЖ хабарламаға жүйе иесінің немесе тіркеу куәлігі бар бірыңғай оператордың түпнұсқалы ЭЦҚ-сымен қол қойылғанын куәландырады және Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталық (бұдан әрі – ҚР ҰКО) қалыптастыратын ҚТСТ бойынша ЭЦҚ-ны тексеруді жүзеге асырады.

15.  АШМ АӨК БАЖ жауап алынған кезде МемТізілім хабарламаға ҚР АШМ АӨК БАЖ жүйесінің иесі үшін тіркеу куәлігі бар жүйе иесінің түпнұсқалы ЭЦҚ-сымен қол қойылғанын куәландырады.

16.  ЭЦҚ-ның түпнұсқалылығын тексеру мынадай түрде жүзеге асырылады:

1) 1-қадам. Цифрлық қолтаңбаны тексеру – хабарлама сұрау салу-жауабының ЭЦҚ-сын тексеру хабарламаға жүйе иесінің немесе бірыңғай оператордың ашық кілтімен байланысты  жабық кілтпен қол қойылғанына және тексеріліп отырған тіркеу куәлігінде жазылғанына негізделген;

2) 2-қадам. Сенім қатынастарының параметрлерін тексеру - тексерілетін тіркеу куәлігінен бастап ҰҚО-ның аралық тіркеу куәліктерін ескере отырып, егер ондайлар бар болса ҰҚО-ның сенім білдірілген негізгі тіркеу куәлігіне дейінгі тіркеу куәліктері тізбектерінің  құрылуын тексеру;

3) 3-қадам. Уақытша параметрлерді тексеру - тексерілетін тіркеу куәлігінен бастап, егер ондайлар бар болса, ҰҚО-ның аралық тіркеу куәліктерін ескере отырып, ҰҚО-ның сенім білдірілген негізгі тіркеу куәлігіне дейінгі әрекет ету мерзімдерін тексеру;

4) 4-қадам. Тіркеу куәлігін жою туралы ақпарат - тексерілетін тіркеу куәлігінің ҰҚО-ның негізгі тіркеу куәлігіне және ҰҚО-ның барлық аралық тіркеу куәліктеріне дейінгі жарамдылығын тексеру, егер ондайлар болса кері қайтарып алынған CRL тіркеу куәліктері тізімінің негізінде:

CRL-ді ҰО шығарды;

CRL-дің әрекет ету мерзімі жарамды;

тіркеу куәлігінің алгоритмі мен CRL тең;

CRL-ді тіркеу куәлігінде көрсетілген мекенжай бойынша жүктеу.

5) 5-қадам. Тіркеу куәлігінде «Кілтті пайдалану» деген жолды тексеру - тіркеу куәлігінің «Кілтті пайдалану» деген жолы «Цифрлық қолтаңба», «Бас тартпау (с0)» деген жолдарды қамтуы тиіс;

6) 6-қадам. Тіркеу куәлігінің «Субъект» деген жолын тексеру - тіркеу куәлігінің «Субъект» деген жолы жүйе иесінің немесе бірыңғай оператордын «БСН» деген жолын қамтуы тиіс;

7) 7-қадам. ЭЦҚ-ның түпнұсқалылығын тексеру нәтижесі - бір теріс тексеру болған жағдайда, жүйе иесінің немесе бірыңғай оператордың ЭЦҚ-сымен расталған ЭЦҚ түпнұсқалылығының қателігі туралы хабарлама-жауап беріледі.

17.   КҚТСТ бойынша салыстырып тексеру тексеруші сервер жағында жүргізіледі. Оң тексерулер кезінде, жүйе иесінің немесе бірыңғай оператордын ЭЦҚ-сымен расталған хабарлама-жауап беріледі.

18.   Теріс тексерулер кезінде, егер мазмұны қолтаңбаға сәйкес келмесе жүйе иесінің немесе бірыңғай оператордың ЭЦҚ-сымен расталған дұрыс емес ЭЦҚ туралы теріс хабарлама-жауап беріледі. ҚР АШМ АӨК БАЖ және МемТізілім процестері арқылы қалыптасатын «сұрау салу-жауап» режиміндегі хабарламалар түрлері, осы Қағиданың 1 Қосымшасының 1.1. кестеcінде келтірілген.

19.    Ақпаратық алмасуға көшу шарты МемТізілімге ҚР АШМ АӨК БАЖ мәліметтерді шығару болып табылады.

20.    ҚР АШМ АӨК БАЖ жүйесінен объектілер бойынша деректерді толық шығару бірыңғай оператор дайындаған компаниялардың тізіміне сәйкес жүзеге асырылады. ҚР АШМ АӨК БАЖ МемТізілімге берілетін деректер құрамы осы Қағиданың 2 Қосымшаcына сәйкес деректер құрамына сай болуы тиіс.

21.    ҚР АШМ АӨК БАЖ және МемТізілім арасындағы ақпараттық алмасуға жататын деректер құрамы, осы Қағиданың 3 қосымшаcында келтірілген. Өзара іс-қимыл жасауды іске асыру процесінде деректердің құрылымы мен форматы берілетін мәліметтердің өзгеруі мен толықтырылуына байланысты  тараптардың келісімі бойынша өзгеруі мүмкін.

22.    Хабарламаларды алу/жөнелту фактілері МемТізілім және ҚР АШМ АӨК БАЖ серверлерінде ақпараттық алмасу хаттамасында тіркеледі.    МемТізілім және ҚР АШМ АӨК БАЖ арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу сервисі тиісті коды бар хабарламаларды алу/жөнелту фактісін жүйелердің Log-журналдарына жазады. Жүйенің Log-журналын толтырған кезде, деректер толтырылу шамасына қарай мұрағатталады. Мұрағат деректерінің сақталу мерзімі екі жылдан кем емес. Хабарламаларды өңдеу процесінде барлық уақытша параметрлерді тіркеу Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.

23.   Алғашқы шығару XML кеңейтілген және XML форматында объектілер бойынша деректер тізімінен құрылатын файлмен жүзеге асырылады. Шығарылатын деректердің құрылымы мен форматы XSD сызбасында жазылуы тиіс.

24.   Деректердің толық шығарылуы деректердің алғашқы алмасуы, сонымен бірге сұрау салу бойынша жүйелердің деректерін салыстыру үшін пайдалануы мүмкін. Деректердің толық шығарылуы кезінде, объектілер туралы бүкіл тарихи мәліметтер беріледі.

         

 

4.     Ақпарат алмасу тәртібі

 

25.  ҚР АШМ АӨК БАЖ және МемТізілім арасындағы компаниялар бойынша мәліметтерді беру мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

1)      Осы Қағиданың 3 қосымшасының 3.2 кестесіне сәйкес көрсетілген уақыт аралығында ҚР АШМ АӨК БАЖ қатысты объектілер бойынша мәліметтерді алу үшін осы Қағиданың 3 қосымшасының 3.1 кестесіне сәйкес МемТізілім ҚР АШМ АӨК БАЖ компаниялардың тізімімен сұрау салу жібереді.

2)      ҚР АШМ АӨК БАЖ  алынған әрбір объект бойынша МемТізілім осы Қағиданың 3 қосымшасының 3.3 кестесіне сәйкес, объектінің сәйкестендіру сипаттамасы туралы ақпаратты алу үшін  ҚР АШМ АӨК БАЖ  сұрау салу жібереді.

3)      ҚР АШМ АӨК БАЖ  белгілі уақыт аралығында тіркелген әрбір операция бойынша, осы Қағиданың 3 қосымшасының 3.4-3.7 кестелеріне сәйкес, объекті бойынша деректер құрамы бар жауапты МемТізілімге жібереді.

26.   Анықтамалықтар мен жіктеуіштер тізбесі осы Қағиданың 4-қосымшасында келтірілген.

27.   Ақпараттық алмасу осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес техникалық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

28.   МемТізілімнен сұрау салуларды өңдеу ҚР АШМ АӨК БАЖ келіп түсуіне қарай автоматты түрде жүзеге асырылады. МемТізілімнің және ҚР АШМ АӨК БАЖ жұмысындағы технологиялық үзілістерді қоспағанда, қатысушылар сервистерге тәулік бойы қолжетімділікті ұсынады. Сұрау салуларды орындау уақыты заңнамалық актілермен бекітілген ұсынылатын қызметтерді көрсету мерзімінен аспауы тиіс. Штаттық режимде жүйелер арасындағы барлық сұраулар сағат 00:00-ден  бастап 06:00-ге дейін жүргізілуі тиіс. 

29.  Ақпараттық алмасуды өнеркәсіптік режимге қосқанға дейін мынадай рәсімдердің орындалуы қамтамасыз етілуі тиіс:

стендте ақпараттық алмасуды сынауды жүргізу;

МемТізілім және ҚР АШМ АӨК БАЖ ақпараттық өзара іс-қимыл жасасуын тәжірибелі пайдалануын жүргізу;

тәжірибелі пайдалану нәтижелеріне талдау жүргізу, қажет болған кезде  бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтауды қамтамасыз ету.

30.  МемТізілім және ҚР АШМ АӨК БАЖ хабарламалардың саны, оларды қабылдап алу/беруді есепке алуда ауытқу фактілері, сондай-ақ уақытша қағидалардың бұзылу фактілері туралы берілген және алынған хабарламалар бойынша мерзімді есептерді қалыптастыру мүмкіндігі ұсынылады. Бұзушылықтар фактілері болған кезде МемТізілім әкімшісі, ҚР АШМ АӨК БАЖ әкімшісі себептерді анықтау және жою үшін талдау жүргізеді. Хабарламаларды қабылдап алу/берудің есепке алудағы бұзушылықтар фактілерін талдау тоқсан сайын жүргізіледі.

 

 

5.     Алмасу кезінде деректерді қорғауды ұйымдастыру

 

31.   Ақпарат алмасу кезінде ақпаратты қорғау қол қойылған XML хабарламаларының авторлығын (ЭЦҚ-ны қолдану) растау есебінен де, техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар есебінен де қамтамасыз етілуі тиіс.

32.   Ұйымдастырушылық іс-шаралар персоналдың серверлерге, белсенді желілік жабдыққа, серверлердің электр қуаты жүйесіне қолжетімділігін регламенттеуі тиіс.

33.   Ақпаратты қорғауды ұйымдастыруға талаптар осы Қағиданың 7-қосымшасында көрсетілген.

 

 

6.    Қорытынды ережелер

 

34.   Жүйелер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде хабарламалар дайындау және алмасу жүргізу кезінде пайдаланылатын бағдарламалық және аппараттық құралдар жұмыс жай-күйінде ұсталуы тиіс.

35.   Ақпараттық алмасу барысында проблемалық жағдайлар туындаған  жағдайда ақпараттық алмасу қатысушылары оларды жою үшін шаралар қабылдайды.

36.   Даулар туындаған жағдайда ақпараттық алмасу қатысушыларының және бірыңғай оператордың өкілдерімен арнайы комиссия құрылады.

37.   МемТізілімге берілетін деректердің толықтығына, дұрыстығына, өзектілігі мен уақтылығына ҚР АШМ жауапты болады.

38.   ҚР АШМ АӨК БАЖ ақпараттық жүйеcінен  деректердің сақталуы мен берілуіне ММЖК  жауапты болады.

39.   Егер ақпараттық алмасу қатысушылары өзара келісімге келе алмаған жағдайда, олардың арасындағы даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

40.   Ақпараттық алмасу қатысушылары жыл сайын ҚР АШМ, ММЖК және бірыңғай оператор тарапынан бағдарламалық және техникалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздігінің үнемі дайын болуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар туралы бірін-бірі хабардар ете алады.

41.   ҚР АШМ, ММЖК және бірыңғай оператордың бағдарламалық және техникалық құралдар ақпараттық қауіпсіздігінің, үнемі дайын болуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар не олардың байланыс деректері өзгерген жағдайда өзгеріс болған тараптың ақпараттық алмасу қатысушысы бұл туралы қалған қатысушыларға хабарлайды.

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «E-Аgriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арасындағы ақпаратқа қолжетімділігін және ақпаратты беру қағидаларына 1-қосымша

 

 

Сұрау салу-жауап режиміндегі хабарламалар түрлері

 

1.1   Кесте

 

Хабарлама

Жіберуші

Алушы

Атауы

Типі

Процестер

1

     2

       3

4

5

1 сұрау салу

сұрау алу

ҚР АШМ АӨК БАЖ Төлемдер жүргізілген объектілер бойынша мәліметтерге сұрау салу. Мәліметтер объектілердің БСН тізімі бойынша сұратылады (4 қосымша 4.1 кесте)

Тізілім

ҚР АШМ АӨК БАЖ

1 жауап

жауап

Объектілер тізімі

(4 - қосымшаның 4.2 - кестесіне сәйкес)

ҚР АШМ АӨК БАЖ

Тізілім

2 сұрау салу

сұрау салу

Объектінің сәйкестендіруші сипаттамасы туралы ақпаратты алуға сұрау салу

Тізілім

ҚР АШМ АӨК БАЖ

2 жауап

жауап

Объектілердің сәйкестендіруші сипаттамасы туралы ақпарат

ҚР АШМ АӨК БАЖ

Тізілім

 

 

 

 

 

 

 


 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

«E-Аgriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арасындағы ақпаратқа қолжетімділігін және ақпаратты беру қағидаларына 2-қосымша

 

 

Объектілердің сәйкестендіруші сипаттамасымен бірге МемТізілімге ҚР АШМ АӨК БАЖ толық түсірудің деректер құрамы

 (әрбір тіркелген операция бойынша)

 

2.1 кесте - Объекті бойынша деректер

 

Р/с №

Атауы

Форматы

Ұзындығы

Міндеттілік

Коды

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

1              

Объектінің сәйкестендірушісі

Сандық

 

Иә

 

 

2              

Активтілігі

Логикалық

 

Иә

 

Иә/Жоқ

3              

Соңғы өзгерісті өткізу күні

Күні

 

Жоқ

 

RepDate,

DD-MM-YYYY

4              

Иесінің ЖСН/БСН

Жол

12

Иә

 

 

5              

Иесінің толық атауы

Жол

макс

Иә

 

 

6              

Компанияның мекенжайы (иесінің)

Жол

 

Иә

 

 

7              

Объектінің түрі

Анықтамалық

макс

Иә

 

Объектінің түрі: Трактор, сепкіш, тіркеме, соқа және т.б.

8              

Объектінің атауы

Жол

макс 

Жоқ

 

 

9              

Объектінің мемлекеттік тіркеу нөмірі

Жол

макс

Иә

 

 

10            

Өңір

Анықтамалық

 

Жоқ

 

 

11            

Объектінің паспорт сериясы

Жол

макс

Жоқ

 

 

12            

Объектінің

 

паспорт нөмірі

Жол

макс

Жоқ

 

 

13            

Паспорттың алдыңғы нөмірі

Жол

макс

Жоқ

 

 

14            

Предыдущая дата паспорта

Күні, DD-MM-YYYY

 

Жоқ

 

 

15            

Құжат нөмірі

Жол

макс

Жоқ

 

 

16            

Құжатты тіркеу күні

Күні, DD-MM-YYYY

 

Жоқ

 

 

17            

Объектінің маркасы

Жол

макс 

Жоқ

 

 

18            

Объектінің моделі

Жол

макс 

Жоқ

 

 

19            

Объектінің шыққан жылы

Сандық

 

Жоқ

 

 

20            

Объектінің қозғалтқыш нөмірі

Жол

макс

Жоқ

 

 

21            

Дайындаушы зауыт атауы

Жол

Макс

Жоқ

 

 

 

2.2 кесте - Кепіл бойынша деректер

 

Р/с №

Атауы

Форматы

Ұзындығы

Міндеттілік

Коды

Ескертпе

 

1

2

3

4

5

6

7

1              

Кепіл сәйкестендірушісі

Сандық

 

Иә

 

 

2              

Объектінің сәйкестендіргіші

Сандық

 

Иә

 

 

3              

Активтілігі

Логикалық

 

Иә

 

Иә/Жоқ

4              

Соңғы өзгерісті өткізу күні

Күні

 

Жоқ

 

RepDate,

DD-MM-YYYY

5              

Кепіл құжатының нөмірі

Жол

макс

Иә

 

 

6              

Кепіл күні

Күні

 

Жоқ

 

DD-MM-YYYY

7              

Кепіл сомасы

Сандық

 

Жоқ

 

 

8              

Кепіл беруші

Жол

макс

Жоқ

 

 

9              

Кепіл алушы

Жол

макс

Жоқ

 

 

10            

Ескертпе

Жол

макс

Жоқ

 

 

 

 

2.3 кесте - Тыйым салу бойынша деректер

 

Р/с №

Атауы

Форматы

Ұзындығы

Міндеттілік

Коды

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

1              

Тыйым салу сәйкестендірушісі

Сандық

 

Иә

 

 

2              

Объектінің сәйкестендірушісі

Сандық

 

Иә

 

 

3              

Активтілігі

Логикалық

 

Иә

 

Иә/Жоқ

4              

Соңғы өзгерісті өткізу күні

Күні

 

Жоқ

 

RepDate,

DD-MM-YYYY

5              

Тыйым салу құжатының нөмірі

Жол

макс

Иә

 

 

6              

Тыйым салу күні

Күні

 

Жоқ

 

DD-MM-YYYY

7              

Ескертпе

Жол

макс

Жоқ

 

 

 

2.4 кесте - Сенімхат бойынша деректер

 

Р/с №

Атауы

Форматы

Ұзындығы

Міндеттілік

Коды

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

1              

Сенімхат сәйкестендірушісі

Сандық

 

Иә

 

 

2              

Объектінің сәйкестендірушісі

Сандық

 

Иә

 

 

3              

Активтілігі

Логикалық

 

Иә

 

Иә/Жоқ

4              

Соңғы өзгерісті өткізу күні

Күні

 

Жоқ

 

RepDate,

DD-MM-YYYY

5              

Сенімхат құжатының нөмірі

Жол

макс

Иә

 

 

6              

Сенімхаттың бастапқы күні

Күні

 

Жоқ

 

DD-MM-YYYY

7              

Сенімхаттың соңғы күні

Жол

 

Жоқ

 

DD-MM-YYYY

8              

Сенімгер тұлғаның ЖСН/БСН

Жол

12

Иә

 

 

9              

Сенімгер компанияның атауы

Жол

макс

Жоқ

 

ЗТ үшін

10            

Сенімгер тұлғаның тегі

Жол

макс

Жоқ

 

ЖТ үшін

11            

Сенімгер тұлғаның аты

Жол

макс

Жоқ

 

12            

Сенімгер тұлғаның әкесінің аты

Жол

макс

Жоқ

 

13            

Сенімгер тұлғаның туылған күні

Күні

 

Жоқ

 

DD-MM-YYYY

14            

Ескертпе

Жол

макс

Жоқ

 

 

 


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «E-Аgriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арасындағы ақпаратқа қолжетімділігін және ақпаратты беру қағидаларына 3-қосымша

 

 

ҚР АШМ АӨК БАЖ және МемТізілім арасындағы ақпарат алмасуға

жататын мәліметтер құрамы

 

3.1 кесте – компаниялардың тізімімен сұрау салу деректерінің құрамы

 

Р/с

Атауы

Форматы

Ұзындығы

Міндеттілік

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1

БСН-дердің (компаниялардың) тізімі

Жолдар тізімі

макс

Иә

 

2

Тарихи деректердің алынуы қажет сәттен басталған күн

Күні, DD-MM-YYYY

 

Иә

 

3

Тарихи деректердің алынуы  қажет күн

Күні, DD-MM-YYYY

 

Жоқ

Параметр болмаған кезде ағымдағы күн қолданылады

 

3.2 кесте – ҚР АШМ АӨК БАЖ оларға қатысты болған өзгерістерге байланысты объектілер бойынша жауап деректерінің құрамы

 

р/с №

Атауы

Форматы

Ұзындығы

Міндеттілік

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1

БСН-дердің (компаниялардың) тізімі

Жолдар тізімі

макс

Иә

 

2

Объектілер сәйкестендірушісі

Жолдар тізімі

макс

Иә

 

 

3.3 кесте – ҚР АШМ АӨК БАЖ оларға қатысты болған өзгерістерге байланысты, объектінің сәйкестендіруші сипаттамасы туралы ақпаратты алу үшін сұрау салу деректер құрамы

 

Р/с

Атауы

Форматы

Ұзындығы

Міндеттілік

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1

БСН-дердің (компаниялардың) тізімі

Жолдар тізімі

макс

Иә

 

2

Тарихи деректердің алынуы қажет сәттен басталған күн

Күні, DD-MM-YYYY

 

Иә

 

3

Тарихи деректердің алынуы  қажет күн

Күні, DD-MM-YYYY

 

Жоқ

Параметр болмаған кезде ағымдағы күн қолданылады

 

Деректерді түсіру кезінде объектілердің сәйкестендіруші сипаттамасы туралы ақпаратты алу үшін жауап деректер құрамы

(әрбір тіркелген операция бойынша)

 

3.4 кестеОбъекті бойынша деректер

 

Р/с №

Атауы

Форматы

Ұзындығы

Міндеттілік

Коды

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

1           

Объектінің сәйкестендірушісі

Сандық

 

Иә

 

 

2           

Активтілігі

Логикалық

 

Иә

 

Иә/Жоқ

3           

Соңғы өзгерісті өткізу күні

Күні

 

Жоқ

 

RepDate,

DD-MM-YYYY

4           

Иесінің ЖСН/БСН

Жол

12

Иә

 

 

5           

Иесінің толық атауы

Жол

макс

Иә

 

 

6           

Компанияның мекенжайы (иесінің)

Жол

 

Иә

 

 

7           

Объектінің түрі

Анықтамалық

макс

Иә

 

Объектінің түрі: Трактор, сепкіш, тіркеме, соқа және т.б.

8           

Объектінің атауы

Жол

макс 

Жоқ

 

 

9           

Объектінің мемлекеттік тіркеу нөмірі

Жол

макс

Иә

 

 

10        

Өңір

Анықтамалық

 

Жоқ

 

 

11        

Объектінің паспорт сериясы

Жол

макс

Жоқ

 

 

12        

Объектінің паспорт нөмірі

Жол

макс

Жоқ

 

 

13        

Паспорттың алдыңғы нөмірі

Жол

макс

Жоқ

 

 

14        

Предыдущая дата паспорта

Күні, DD-MM-YYYY

 

Жоқ

 

 

15        

Құжат нөмірі

Жол

макс

Жоқ

 

 

16        

Құжатты тіркеу күні

Күні, DD-MM-YYYY

 

Жоқ

 

 

17        

Объектінің маркасы

Жол

макс 

Жоқ

 

 

18        

Объектінің моделі

Жол

макс 

Жоқ

 

 

19        

Объектінің шыққан жылы

Сандық

 

Жоқ

 

 

20        

Объектінің қозғалтқыш нөмірі

Жол

макс

Жоқ

 

 

21        

Дайындаушы зауыт атауы

Жол

Макс

Жоқ

 

 

 

3.5 кестеКепіл бойынша деректер

 

Р/с №

Атауы

Форматы

Ұзындығы

Міндеттілік

Коды

Ескертпе

 

1

2

3

4

5

6

7

11            

Кепіл сәйкестендірушісі

Сандық

 

Иә

 

 

12            

Объектінің сәйкестендірушісі

Сандық

 

Иә

 

 

13            

Активтілігі

Логикалық

 

Иә

 

Иә/Жоқ

14            

Соңғы өзгерісті өткізу күні

Күні

 

Жоқ

 

RepDate,

DD-MM-YYYY

15            

Кепіл құжатының нөмірі

Жол

макс

Иә

 

 

16            

Кепіл күні

Күні

 

Жоқ

 

DD-MM-YYYY

17            

Кепіл сомасы

Сандық

 

Жоқ

 

 

18            

Кепіл беруші

Жол

макс

Жоқ

 

 

19            

Кепіл алушы

Жол

макс

Жоқ

 

 

20            

Ескертпе

Жол

макс

Жоқ

 

 

 

3.6 кесте - Тыйым салу бойынша деректер

 

Р/с №

Атауы

Форматы

Ұзындығы

Міндеттілік

Коды

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8              

Тыйым салу сәйкестендірушісі

Сандық

 

Иә

 

 

9              

Объектінің сәйкестендірушісі

Сандық

 

Иә

 

 

10            

Активтілігі

Логикалық

 

Иә

 

Иә/Жоқ

11            

Соңғы өзгерісті өткізу күні

Күні

 

Жоқ

 

RepDate,

DD-MM-YYYY

12            

Тыйым салу құжатының нөмірі

Жол

макс

Иә

 

 

13            

Тыйым салу күні

Күні

 

Жоқ

 

DD-MM-YYYY

14            

Ескертпе

Жол

макс

Жоқ

 

 

 

3.7 кесте - Сенімхат бойынша деректер

 

Р/с №

Атауы

Форматы

Ұзындығы

Міндеттілік

Коды

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

 

15            

Сенімхат сәйкестендірушісі

Сандық

 

Иә

 

 

 

16            

Объектінің сәйкестендірушісі

Сандық

 

Иә

 

 

 

17            

Активтілігі

Логикалық

 

Иә

 

Иә/Жоқ

 

18            

Соңғы өзгерісті өткізу күні

Күні

 

Жоқ

 

RepDate,

DD-MM-YYYY

 

19            

Сенімхат құжатының нөмірі

Жол

макс

Иә

 

 

 

20            

Сенімхаттың бастапқы күні

Күні

 

Жоқ

 

DD-MM-YYYY

 

21            

Сенімхаттың соңғы күні

Жол

 

Жоқ

 

DD-MM-YYYY

 

22            

Сенімгер тұлғаның ЖСН/БСН

Жол

12

Иә

 

 

 

23            

Сенімгер компанияның атауы

Жол

макс

Жоқ

 

ЗТ үшін

 

24            

Сенімгер тұлғаның тегі

Жол

макс

Жоқ

 

ЖТ үшін

 

25            

Сенімгер тұлғаның аты

Жол

макс

Жоқ

 

 

26            

Сенімгер тұлғаның әкесінің аты

Жол

макс

Жоқ

 

 

27            

Сенімгер тұлғаның туылған күні

Күні

 

Жоқ

 

DD-MM-YYYY

 

28            

Ескертпе

Жол

макс

Жоқ

 

 

 


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «E-Аgriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арасындағы ақпаратқа қолжетімділігін және ақпаратты беру қағидаларына 4-қосымша

 

 

4.1 кесте - Анықтамалық типіндегі деректердің құрамы

 

Р/с

Атауы

Форматы

Ұзындығы

Міндеттілік

Негізгі жол

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

1

Сәйкестендіруші

Сандық

 

Иә

Иә

 

2

Мемлекеттік  тілдегі атауы

Жол

Ең жоғарғы

Иә

Жоқ

 

3

Орыс

тіліндегі  атауы

Жол

Ең жоғарғы

Иә

Жоқ

 

4

Ата-аналық элементтің сәйкестендірушісі

Сандық

 

Жоқ

Жоқ

Көп деңгейлі анықтамалықты құру үшін пайдаланылады

 

4.2 кесте - Анықтамалықтар мен жіктеуіштер тізбесі

 

Р/с

Анықтамалықтың атауы

Анықтамалық ұстаушысы

Ескертпе

1

2

3

4

1

Объекті түрлерінің анықтамалығы

ҚР АШМ АӨК БАЖ

КК түрлері: Трактор, сепкіш, тіркеме, соқа және т.б.

2

Өңір

ҚР АШМ АӨК БАЖ

Облыстар мен аудандар анықтамалығы

3

Төлем түрінің анықтамалығы

АТД

 

 

______________

 

 


 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Мемлекеттік мүлік тізілімі» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «E-Аgriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арасындағы ақпаратқа қолжетімділігін және ақпаратты беру қағидаларына 5-қосымша

 

 

Ақпараттық өзара іс-қимыл жасасудың электрондық коммуникациялар құралдарына қойылатын техникалық талаптар

 

Электрондық коммуникациялар құралдары Қағидада қабылданған қағидаттарға, форматтарға және алмасу хаттамаларына сәйкес электрондық түрде МемТізілім және ҚР АШМ АӨК БАЖ арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз етуі тиіс. МемТізілім және ҚР АШМ АӨК БАЖ электрондық коммуникациялар құралдары:

1)      деректерді беру арнасын (бөлінген немесе коммуникациялық);

2)      коммуникациялық жабдықты;

3)      байланыс арналары бойынша беру кезінде деректерді олардың рұқсатсыз қол жеткізу мен арнайы әсер ету есебінен ұрлаудан, жоғалтудан, таралып кетуден, жоюдан, бұрмалау мен қолдан жасаудан бағдарламалық қорғауды және ақпарат алмасу жылдамдығын кемінде 256 кБит/сек қамтамасыз етуді қамтуы тиіс.

Жүйелер арасындағы деректермен алмасу мынадай форматтарға сәйкес келуі тиіс:

1)      HTTPS кеңейтілген көлік хаттамасы;

2)      SOAP (Simple Object Access Protocol) өзара іс-қимыл жасасу хаттамасы;

3)      WSDL сипаттау тілі;

4)      ЭЦҚ-мен қол қойылатын деректердің құрылымдарын сипаттау үшін XSD тілі;

5)      веб-әдістерге және олардың параметрлеріне арналған берілетін XML деректерінің форматы;

6)      ЭЦҚ-мен қол қойылған XML-файлының құрылымы W3C «XML - Signature Syntax and Processing» (Синтаксис және XML қолтаңбасын өңдеу) консорциумының ерекшелігіне сәйкес келуі тиіс.

 

ҚР АШМ АӨК БАЖ өнімділігі және сенімділігі бойынша талаптар

 

Р/с

Бақыланатын көрсеткіш

Шектеу

1

Сұрау салуды өңдеудің ең ұзақ уақыты

10 минут

2

Сұрау салуды өңдеудің орташа уақыты

6 секунд

3

Ең жоғары жүктеме

сағатына 2000 сұрау салу

4

Номиналдық жүктеме

сағатына 600 сұрау салу

5

Жұмыстың істен шығусыз орташа уақыты

5000 сағат

6

Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтіру уақыты

24 сағат

 

Ақпаратты қорғауды ұйымдастыруға талаптар

 

ҚР АШМ АӨК БАЖ және МемТізілім деректерінің сақталуы ашық байланыс арналары бойынша беру кезінде ақпаратты жеткізудің бағдарламалық құралдарын пайдалану және рұқсатсыз қол жетімділіктен қорғау есебінен де, техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар есебінен де қамтамасыз етілуі тиіс.   

Generated in 168ms